БҚО-да тікұшақ апатты жағдайда қонды: қаза тапқан 4 адамның мәйіті табылды
Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда қонған тікұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлады BAQ.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бүгін БҚО-да «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Оқиға Чапурино елді мекенінен 6 шақырым қашықтықта болған. Сағат 15.50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару»АҚ Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.
Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.
Соңғы мәліметтер бойынша, ТЖМ іздеу тобы тікұшаққа жетті. Авиациялық оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкенттік дәрігерлер 14 жасар қызға күрделі ота жасады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы