БҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 үй берілді

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 тұрғын үй салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғашқы тұрғын үйлердің кілттері 1 апта бұрын табысталған болатын.

Енді Жымпиты, Өлеңті және Бұлдырты ауылдарында қалған үйлердің кілттері ауыл тұрғындарына берілді.

Бүгін жаңа қонысқа кіріп жатырмыз. Президентімізге, үй салған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Енді мұндай жағдай болмасын елімізде. Ауылымыз көркейе берсін, - деді жаңа қоныс иесі Жаңыл Айдарханова.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 889 үй салынды. Оның 451-і Орал қаласында. Сондай-ақ Оралдағы Саяжай тұрғындарына демеушілер қаржысына 2 мыңнан астам үй сатып алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы