БҚО-да суға кеткен 3 адам құтқарылды, бір бала табылмай жатыр

Батыс Қазақстан облысының су айдындарынан 3 адам құтқарылды, тағы бір адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 тамызда Жайық өзенінің бойында су қауіпсіздігі бойынша рейд жүргізіп жүрген ТЖМ қызметкері аға лейтенант Асар Бисаков шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып бара жатқан 2007 жылы туған жасөспірімді құтқарды.

Сол күні жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жақын жерде рейд жүргізу барысында 2011 жылы туған жасөспірімді және 1974 жылғы азаматты дәл сондай шомылуға рұқсат етілмеген жерге батып бара жатқан жерінен құтқарып алды.

Қазіргі уақытта 2006 жылы туған тағы бір жасөспірім іздестіріліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы