БҚО-да су тасқынынан қорғау жұмыстарына 703 полициямен 97 техника жұмылдырылды,

БҚО-да су тасқынынан қорғау жұмыстарына 703 полиция қызметкері мен 97 қызметтік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына және облыстың 5 ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүзеге асырылуда. Эвакуацияланған 38 ауыл тұрғынынан уақытша сақтаудағы 47 бірлік азаматтық қару тәркіленді.

Аудандарда полиция қызметкерлері тарапынан эвакуацияланған елде-мекендердегі азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәуліктік кезекшіліктер орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.

Облыста 30 жолын су басты,оның ішінде 3 облыстық және 16 жергілікті маңызы бар автожолдар. Салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы