БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда
БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар және су тасқыны салдарын жою жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 3744 адам, оның ішінде 1455 бала эвакуацияланды. 2700-ден астам ірі қара және ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап облыста 640 мыңнан астам м3 еріген қар суы сорылды, инертті материалдар салынған 104 мыңнан астам қап төселді.
1 мыңнан астам адам және 400 бірлік техника жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы