БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұз кептелістеріне жол бермеу мақсатында Сырым және Шыңғырлау аудандарының Өлеңті, Қайынды және Шыңғырлау өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде арнайы құрылған комиссияның қатысуымен 4 учаскеде 2000 шаршы метрде мұз жарылды.
Аталған шара одан әрі Бөрлі, Бәйтерек және Тасқала аудандарында жүргізілетін болады. Қазіргі таңда облыс аумағында барлығы 11 943 шаршы метрде мұз жарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ әйелдері қай салаларда еңбек етеді
Өзгелердің жаңалығы