17 Мамыр 2026, 20:12
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
БҚО-да шетелдіктерге айыппұл салынды
Екі күнге созылған «Заңсыз мигрант» рейді кезінде көші-қон заңнамасын бұзудың 79 фактісі анықталды.
Батыс Қазақстан облысында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған «Заңсыз мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Екі күн ішінде полиция қызметкерлері 79 айыппұл хаттамасын толтырған. Оның ішінде:
- 56 дерек шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуына қатысты;
- 20 дерек шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуына байланысты;
- 3 дерек шетелдік жұмыс күшін және еңбек мигранттарын заң талаптарын бұза отырып тарту фактісі бойынша тіркелген.
Ведомство мәліметінше, заңсыз миграция арналарын анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.
Полиция көші-қон саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады, – деп мәлімдеді ІІМ.
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026
- Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді 11.07.2026
- Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 11.07.2026
- Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді 11.07.2026