БҚО-да шаруа қожалығының 175 тонна шөбі өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долинное кентінде 175 тонна қысқа дайындалған шөп жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Алижан" шаруа қожалығының қысқа қамдаған шөбі бір сәтте жанып кеткен.

Сағат 16:37-де 101 пультіне шаруа қожалығының қорасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шамамен 300 шаршы метр алаңда бөлек тұрған 175 тонна мая етіп үйілген пішен өртеніп жатқанын анықтады, - дейді ведомство.

Шөп 700 бума болған. Тілсіз жау түн ауа сағат 00:20-да толық өшірілген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ, дейді өрт сөндірушілер.

Өртті сөндіруге 3 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы