БҚО-да құс фабрикасы түгелдей жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында құс фабрикасында өрт шығып, түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 20 тамыз күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылында болды.

Сағат 12:20-да ауыл маңында орналасқан құс фабрикасының цехы жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 21 адам (5 техника) жұмылдырылды. Өрт сағат 14:13-те толықтай өшірілді. Өрт салдарынан жалпы аумағы шамамен 1 875 шаршы метр құсқа арналып салынған цех түгелдей жанып кетті. Адамдар аман. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде, – деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы