БҚО-да қуаттылығы 15 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңы іске қосылды

Батыс Қазақстан облысында бір мезгілде қуаттылығы 15 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Терра Ақжайық» ЖШС 2024 жылдың қаңтарында Австралияның сарапшылары кешенге келді, олардың сараптамалық ұсыныстары негізінде шаруашылықта кешенді қалпына келтіру және 15 мың басқа кеңейту жұмыстары жүргізілді.

Қараша айынан бастап кешенде шаруашылықтардан бұқашықтарды қабылдау басталды.

Жаңа нысанның ашылуы мал шаруашылығын дамытуға және өңірде жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады, - деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Алдағы жылдары инвестор ет өңдеу кешенін іске қосуды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы