БҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап. 

Сағат 12:00-ден бастап барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

  • Қазталовка – Жәнібек – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 0–158 шақырымы (Қазталовка – Жәнібек);
  • Шапай – Жалпақтал – Қазталовка – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 0–201 шақырымы (Чапаево – Қазталовка);
  • Орал – Тасқала – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 4–104 шақырымы (Орал – РФ шекарасы).

Жолдардың ашылуы болжам бойынша 4 қаңтар күні сағат 20:00-де жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 колл-орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы