БҚО-да қар құрсауынан 18 адам құтқарылды

Кеше күндіз Батыс Қазақстан облысы ТЖД күштерімен күрделі метеорологиялық жағдай кезінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. BAQ.KZ бұл туралы ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Казталов, Тасқала, Ақжайық және Теректі аудандарында қар құрсауында қалған учаскелерден 18 адам, оның ішінде үш бала құтқарылды. Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта облыс аумағында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 учаскесінде жүк автокөліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу енгізіліп, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 учаскесі жабық, – деп жазылған хабарламада.

ТЖМ ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы