БҚО-да "Қаладан ауылға" бағдарламасымен 78 отбасы ауылға көшкен
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарламалармен қатар «Қаладан ауылға» өңірлік жобасы іске қосылған.
Бұл жоба тұрғындардың ауылдық жерлерге көшіп келуін ынталандыруға, кадр тапшылығын жоюға, ауылдық аумақтар мен агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға, шағын және орта бизнес субъектілерінің санын арттыруға бағытталған. Ағымдағы жылы жоба аясында ауыл тұрғындарын қоныстандыру үшін 57 ауылдық елді мекен анықталды. Жыл басынан бері ауылдық жерлерге 78 отбасы, яғни 402 адам көшіп келді,-деді облыс әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы келесі жылы жалғасады
Өзгелердің жаңалығы