БҚО-да полицейлер атыс болған төбелеске қатысушыларды ұстады
Ақсайдағы төбелес сәті түсірілген видеодағы бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Газды қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске салайық, әлеуметтік желіде Ақсай аулаларының бірінде түсірілген видео тараған болатын. Бейнежазбада ер адамдар арасындағы төбелес сәті түсірілген, содан кейін олардың бірі қашып, қалғандары оны қуып жеткен. Бір кезде бірнеше рет қару атылғандай дыбыс естіледі.
Бұдан алдын «Мой ГОРОД» Telegram арнасының мәліметінше, БҚО ІІД баспасөз қызметі аталған оқиға Бөрілі аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін және тәртіп сақшылары оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтайтынын хабарлаған болатын.