БҚО-да отандасын өлтірген Ресей азаматын интерпол ұстап берді
Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп көз жұмған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Интерполдың Қазақстан Ұлттық Орталық бюросы Германияның Херфорд қаласындағы әріптестерімен өзара іс-қимыл кезінде Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті іздестіріп жатқан 29 жастағы Ресей азаматын ұстады. Ол 2017 жылы Орал қаласында автотұрақ маңында өз отандасына пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп көз жұмған болатын, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Ол атағандай, қылмыскердің шетелде өзі туралы деректерді ауыстырып жасырынып жүргендігі анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыскер қамауға алынды, оны біздің елге экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр, - деді ол.
Сондай-ақ Шұғыла Тұрлыбек бір апта ішінде 3397 қылмыс жасалғанын айтты.
Оның 1986-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» операциясы бойынша 7 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 34 тонау және 539 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ол.