БҚО-да оқушы өз әкесін жүк көлігімен басып кетті
БҚО Ақсай қаласында жүк көлігіне отырған жасөспірім өз әкесін басып өлтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Zakon.kz мәліметінше,қайғылы оқиға 4 сәуірде болған.
Полиция хабарлауынша, жергілікті тұрғын өз ауласында "Газ-САЗ-35071" көлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Көліктің астында жатқан ол 2008 жылғы баласына рөлге отырып, тежегішті басуды тапсырған.
Бұл уақытта оталып тұрған көлік алдыға жүріп, астында жатқан ер адамда басып кеткен. Ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған дерек Қр ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әмір Темір қазақ па, өзбек пе?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы