БҚО-да мыңдаған бас малдан бруцеллез анықталды

БҚО ветеринария басқармасында жылына екі рет 12 айлық ауыл шаруашылығы жануарлары бруцеллезге тексерілетінін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, жыл басынан бері 666,8 мың бас ірі қара тексерілді, оның 4 942-сінен инфекция анықталды. Ұсақ мал арасында 1 124,2 мың бас тексерілді және олардың 1 203-і оң нәтиже берді.

Соңғы жеті жылда ауру деңгейінің төмендеуі байқалды. 2021 жылы бруцеллезбен 6 490 бас ірі қара, 2022 жылы 5 045 бас, ал 2023 жылы 4 141 бас малдан инфекция анықталған. Ауру жануарлар облыстың алты мамандандырылған ұйымына сою үшін жіберіледі. Бүгінгі күні санитарлық союға бруцеллезбен ауырған 4 316 бас ірі қара және 991 бас ұсақ мал тапсырылды, - деп хабарлады басқармадан.

Ведомство бруцеллезден зардап шеккен 329 бас ұсақ малдан алынған ет өнімдері үшін 5 498,3 мың теңге өтемақы төленгенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы