БҚО-да мұнай өнімдерін жеткізушіге айыппұл салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, істің барлық материал одан әрі талқылау үшін сот органдарына жіберілді. 

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орал қаласындағы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өтініші негізінде, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті «МегаОйлОрал» ЖШС-ы Аи – 92 маркалы бензиннің 1 литрі үшін 210 теңгеден жоғары бағамен сатқанын аеықтады, осымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 171-бабының нормасын бұзған, бұл өз кезегінде мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушылардың заңнамаға сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейді, - делінген хабарламада.

Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, істің барлық материал одан әрі талқылау үшін сот органдарына жіберілді. Сот Департаменттің пайдасына шешім қабылдаған жағдайда құқық бұзушыға 100-ден 1000 АЕК- ке дейін (306 300 теңгеден 3 063 000 теңгеге дейін) айыппұл салынады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы  № 2  бұйрығымен әрекет ету мерзімі күнтізбелік жүз сексен күн ішінде мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгіленгенін, бұл бағаларды асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) жүз пайызы мөлшерінде айыппұл көзделгенін ескерген жөн.

Осының салдарынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мұнай өнімдерін өткізу саласындағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтауы және белгіленген шекті бағалардан жоғары өткізуге жол бермеуі тиіс.

Тұтынушылар, өз кезегінде, ЖЖМ бағасының асып кету фактілері анықталған жағдайда субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін департаментке жүгінуге мүмкіндігі бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы