БҚО-да мердігерден 10 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

Прокурорлық ден қою шараларымен мердігерден 10 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы мектепті жөндеу мерзімінің бұзылуын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мердігер тарапынан міндеттемелерді орындамауына байланысты прокуратураның ұсынуы бойынша білім беру бөлімі сотқа өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінді.

Сот талап-арызды қанағаттандырып, мердігерден мемлекет пайдасына 8 млн теңгеден астам және 1 млн 700 мың теңге сомасында тұрақсыздық айыбы өндірілді. Осы және басқа да бұзушылықтар білім беру ұйымдарындағы тексеру нәтижелері бойынша жойылды, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек прокуратураның қадағалау актісі бойынша 2 мыңнан астам маман міндетті медициналық тексеруден өтті.

Сондай-ақ қауіпсіздік мәселелерімен байланысты бірқатар мәселелер шешілді: балабақшалардағы бейнебақылау камералары мен ойын алаңдары жөнделді, ғимаратты жылытуға арналған жабдықтар сатып алынды, 4 балабақшаның пандустары жөнделді және 5 мектепте пандустарды жөндеуге қаражат бөлу мәселесі шешілуде.

Кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе қаралуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы