БҚО-да медициналық ұйымдар 21 бірлік санитариялық автокөліктің кілтін алды

Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдары 21 бірлік санитариялық автокөліктің кілтін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудандық ауруханалардың, қалалық емханалардың, қалалық көпбейінді аурухананың және психикалық денсаулық орталығының басшыларына жаңа Шевроле Кобалт автомобилдерінің кілттерін ресми түрде табыс етті.

Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық автокөлікті жаңарту қажеттілігі баяғыда, көліктің 78% мөлшерінде ағымдағы тозуына байланысты пісіп жетілді.

Осы проблеманы шешу және халыққа уақтылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен облыстық медициналық ұйымдар үшін 81 бірлік санитариялық автокөлікті, оның ішінде аудандық медициналық ұйымдар үшін 54 бірлікті сатып алуға 1, 7 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта автомобилдер жеткізіліп жатыр, ол ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы