БҚО-да көпқабатты үйлердің жертөлесін су басты

Орал қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көпқабатты үйлердің жертөлесіне су кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің аулалары суға толды.

Қазіргі уақытта БҚО ТЖ департаментінде жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Орал қаласы мен Бәйтерек ауданы Асан ауылы бойынша 23 шақырту түсті. Соның ішінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты бар. Департамент аталған жерлерде жергілікті атқарушы органдар және»Батыс су арнасы«ЖШС-мен бірлесіп су сору жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар қолайсыз ауа райына байланысты қала бойынша электр қуаты ажыратылып, 6434 абонент жарықсыз қалды. Қазірге дейін 1500 абонентке электр жарығы қосылды.»Батыс Қазақстан аймақтық электр желілерін тарату компаниясы«ЖШС-ның 23 қызметкері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Алдағы үш күнде жауын көп мөлшерде жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Осыған орай ТЖ департаменті тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орал қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы