БҚО-да "ғажайып көрпені" 300 мың теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды
Алаяқтар егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген сылтаумен "ғажайып көрпені" 300 мың теңге ақшаға бағалап, сатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Содан әйел алдаушыларға 140 мың теңге ақшасы мен алтын әшекейлерін ұстатады.
Алайда бір нәрседен күдіктенген әйел дереу полиция қызметіне хабарласады. Полицейлер кезекші тәулік ішінде оқиға ізін суытпай Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстайды.
Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оқу-ағарту министрі "Алтын белгіге" үміткер оқушылармен кездесті
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы