БҚО-да еріген қар суы жолды шайып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 24 ақпан күні Бөкей ордасы ауданы аумағында болды, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне қарағанда, Ұялы ауылы маңында облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолының 157 және 227-шақырымында тез еріген қар суы жолдың үстін басты. Соның салдарынан жол барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Жергілікті атқарушы органдар және «Жолаушы-жол» ЖШС күшімен инертті материал салынған 40 қап төселіп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жолдың 157-шақырымында судың жолды басуы тоқтады. 25 ақпан күні жолды қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы