БҚО-да электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 273 адам, 87 техника жұмылдырылып, бірқатар елдімекендер электр жарығына шетінен қосылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 ақпаннан бастап ауа райының қолайсыздығынан облыс көлемінде, яғни Орал қаласының тең жартысында және 7 ауданның кей елді мекендерінде (Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау) электр жарығы сөніп 20 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды.

Үздіксіз жұмыс нәтижесінде Орал қаласы және 6 ауданның 58 елді мекенінде 17687 абонентке жарық берілсе, 8 ақпанда Бөрлі ауданының Ақсай қаласы, Бәйтерек, Теректі аудандары түгел жарыққа қосылды.

Ал кеше 9 ақпандағы сағат 17-00 жағдай бойынша Орал қаласы бойынша ішінара 5 абонент және облыстың 2 ауданындағы 4 елді мекенде 234 абонент электр қуатынсыз қалып отыр:

  • Қаратөбе ауданы 231 абонент (Шалғын, Қоржын, Бесоба ауылдары);
  • Бөрлі ауданы 3 абонент (ішінара Ақсай қаласы бойынша).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы