21 Тамыз 2026, 06:33
Фото: Скриншот
БҚО-да екі тұрғын үй өртенді: Тұрғындарға уақытша баспана ұйымдастырылуда
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында екі тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға туралы ақпарат «112» пультіне түскен.
Ұзынкөл ауылы ең жақын өрт сөндіру бекетінен шамамен 20 шақырым қашықтықта орналасқан.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде Жастар алаңы көшесіндегі екі екіпәтерлі тұрғын үй, шаруашылық құрылыстар және үйлердің бірінің ауласында жиналған шөп жанып жатқан.
Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы орган, ҰҚК Шекара қызметі және Полиция департаментінің күштері мен техникасы жұмылдырылды. Өрт толық сөндірілді.
Баспаналары өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Жәнібек ауданының әкімдігі уақытша баспана беруді ұйымдастырып жатыр.
Өрттің шығу себебі анықталуда.