17 Сәуір 2024 2024, 23:01 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

БҚО-да дәрігерлер су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Батыс Қазақстан облысында жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Батыс Қазақстан облысында жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, Орал қаласының медицина қызметкерлері су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Мұнда еліміздің әр өңірінен дәрігерлер келіп, азаматтардың денсаулығын тәулік бойы бақылауға ала отырып әрбір адамға шынайы қамқорлық жасалуда.

Жалпы, елде су тасқыны кезеңі басталғалы бері АМО мамандары 375 азаматқа көмекке келді, оның ішінде 30-ы бала.