БҚО-да бұрынғы сүйіктісін бопсалаған ер адам ұсталды

Орал қаласында 23 жастағы ер адам бопсалау күдігімен қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу дерегінше, ол үш жыл бойы бұрынғы қызын интим сипаттағы суреттерін жариялаймын деп қорқытып, одан ақша талап етіп келген. Осы уақыт ішінде жәбірленуші күдіктіге 9 миллион теңге беруге мәжбүр болған.

Күдікті кезекті рет 150 мың теңге алған сәтінде құрықталды. Фактілер банктік аударымдар мен хат-хабарлар арқылы дәлелденген. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу облыстық ПД басшылығының бақылауында.

Полиция азаматтарды кез келген бопсалау жағдайында бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы