БҚО-да биылғыдай су тасқыны қайталануы мүмкін бе?

Қазір аймақтағы су айдындары бақылауға алынып, бөгеттер күшейтіліп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы көктемде су тасқынынан ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі – Батыс Қазақстан облысы. Мұндағы кейбір өзендердегі су деңгейі 8 метрге дейін көтерілген. Орал қаласы мен 5 аудан су астында қалған еді. 84 елдімекенге қауіп төніп, 10 мыңнан астам үй зардап шекті. Апаттың салдарынан бүтін бір ықшам аудандар қазіргі кезде өмір сүруге жарамыз болып қалған.

Тасқыннан үйсіз қалған тұрғындарға қандай көмек көрсетілді? Мұндай жағдай алдағы уақытта қайталануы мүмкін бе? BAQ.KZ тілшісі осы мәселені жергілікті атқамінерлерден сұрап білді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы