15 Сәуір 2024 2024, 10:25 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

БҚО-да бес мыңға жуық үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды

Батыс Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты ТЖМ таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты ТЖМ таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 38 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.

Көлік қатынасы жоқ Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында 9 елдімекен бар. 1905 саяжайды су басты. Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды.

Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/ нақты): Жайық - 850 см/755 см.

13 193 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 522 бала. Эвакуациялық пункттерде 1 733 адам орналасқан, оның ішінде 780 бала, 11 460 адам туыстарында. 4886 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Облыс бойынша барлығы 1 021 мың м3 еріген қар суы сорылды, 501 мың дана қапшық және 3 397 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 5 553 адам, 683 бірлік техника, 114 бірлік су сору құралы, 85 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған. Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 6 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылды, - деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.