БҚО-да аудан тұрғынының үйінен адам бойымен бірдей қарасора табылды
БҚО-да аудан тұрғынының үйінен ұзындығы 2,5 метр қарасора табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
БҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» ЖПІШ барысында Бәйтерек ауданында 53 жастағы тұрғынның үйін тінту кезінде 6 қарасора бұтасын, сондай-ақ аулада ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті кептірілген жапырақтарды тауып, тәркіледі.
Шаруашылық құрылысында темекі шегуге арналған қайта өңделіп кесілген пластикалық бөтелке табылып, тәркіленді. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көшпенділер ойындарының арқасында бізді спорттық қажеттіліктермен қамтамасыз етті – садақшы
Келесі жаңалық
Cиноптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы