БҚО-да ауа райына байланысты үлкен тас жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар Самара – Шымкент автожолы жабылып, көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

"Мой город" порталы мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ) республикалық маңызы бар Самара – Шымкент автожолы жабылды.

"Қазавтожол" АҚ-тың өңірдегі филиалы келтірген деректерге сәйкес, Теректі ауданының Подстепное кентінен Сырым ауданының Жымпиты кентіне дейінгі аралықтағы жол учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы