БҚО-да алимент төлеуден жалтарған 14 зиянды борышкердің үстінен іс қозғалды
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен облыста барлық мүдделі органдармен бірлесіп, алимент бойынша "10 қадам жобасы жүзеге асырылды". Бұл туралы БҚО прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәлім болғандай, жобаны жүзеге асыру барысында 286,5 млн.теңге сомасынд қарыз өтелген.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, нәтижесінде 139 борышкер жұмысқа орналастырылды, 274 адам жұмыспен қамту органдарында тіркелді.
Зиянды борышкерлерге тиесілі көліктерді анықтау және ұстау бойынша бірлескен рейдтер барысында, борышкерлердің алимент бойынша берешегі 12,5 млн.теңге сомасында 7 көлігі белгіленіп, қамауға алынды (4 тұлға 6 млн.теңге қарызын дереу өтеді), - делінген хабарламада.
100 борышкерді сот шешімдерін орындамағаны үшін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде сот 81 тұлға қамауға алып, 22 адамға айыппұл салынды.
2 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 14 зиянды борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.