БҚО-да 800-ден астам киік өлексесі судан шығарылды

Батыс Қазақстан облысында киіктің 800-ден астам өлексесі судан шығарылды. BAQ.KZ бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Қырылған жануарлардың барлығы биылғы төл. Мамандардың айтуынша, киіктер өзенді кешіп өткен кезде биік жарқабақтан жоғары шыға алмай, суға батып өлген көрінеді. Суды өлекседен тазартуға "Бөкей орда" резерватының мамандары мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмылдырылған. Жергілікті тұрғындар өзен суымен мал суаратынын айтып, алаңдаушылығын білдірген соң судан сынама алынып, зертханаға жіберілді. Ал инспекторлар тұтас өзеннің бойына кезекшілік қою мүмкін емес екенін айтып, шарасыздық танытып отыр.

Сарыөзен жағасында киіктер жатқаны анықталып, өлекселері өзеннен шығарылып, алгоритм бойынша өртеу әдісімен жою ұйымдастырылды. Барлығы 308 бас. Бұл жағдай 1-2 апта бұрын да болды. Онда 526 бас екі күннің ішінде шығарылды, – деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рақымжанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы