21 Қазан 2026, 10:27
Фото: pixabay.com
БҚО-да 7,5 тонна шөп тиелген трактор өртенді
Батыс Қазақстан облысында тонналаған шөп тиелген трактор өртенді. Өрт автожол бойында болған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында болған. Ведомство нақтылағандай, шөп тиелген трактор өртенген.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде трактор мен жалпы салмағы 7,5 тонна болатын 30 орам шөп отқа оранған. Өрт автомобиль жолының бойында болған, – делінген хабарламада.
Өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ ескертеді: ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу және шөп тасымалдау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз, – деді құтқарушылар.