БҚО-да 29 өрт ошағы сөндірілді

Қазіргі уақытта аймақтағы Сырым, Теректі, Бөрлі және Казталов аудандарында өрт сөндірушілер мен ЖАО жедел әрекеттерінің арқасында 29 өрт ошағы сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, Әйтиев кентіндегі өрт оқшауланды. Жану алаңы - 50 га.

Қазіргі уақытта Новопавловка кентінде жануды сөндіру жұмыстары жалғасуда. Шамамен жану ауданы 25 га құрайды. Жаңа Өмір кентінің маңындағы жану оқшауланды. Болжамды жану алаңы - 17 га, - деп жазды министрліктен.

Облыс бойынша өртті сөндіруге 400-ге жуық адам және 90-ға жуық техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы