БҚО-да 25 үй су астында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің шалғын ауылында тұрғын үйлер су астында қалды. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Су тасқыны 31 наурыз күні кешке болған. Ауыл 22 сағатқа жуық уақыт бойы су астында қалғаны туралы хабардан кейін Оралдан Қаратөбе ауданына арнайы техника шықты.

Қазіргі уақытта ТЖ департаменті мен облыс басшылығы су басу қаупі бар аумақтағы жағдайды бағалау мақсатында тікұшақпен ұшып кетті. Шалғын ауылындағы су басқан 25 үйдің тұрғындары мәдениет үйіне көшірілді. Тұрғындарды көшіру мәселесі қарастырылуда. Шалғын ауылы бақылауда, – деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы