БҚО-да 12 мыңнан астам адамды сумен қамтитын су қоймасы салынады

Батыс Қазақстан облысында 12 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін су қоймасы салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысында 28 млн текше метр су жинайтын Жалпақтал су қоймасын салу жоспарланып отыр. Бұл 12 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге және лиманды суару алаңын 12 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл мал шаруашылығына қажет жем-шөп өнімділігін арттырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов хабарлады.

Биыл «Қазсушар» филиалы Батыс Қазақстан облысында 146 мың га лиман мен табиғи жайылымды суаруға 562 млн текше метр су жіберді.

Бүгінгі таңда мекеме тұтынушылармен су беру туралы 210 келісімшарт жасады, оның 197-і жергілікті шаруалар. Ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін кәсіпорын 15,8 млн текше метр, ал санитарлық-экологиялық іс–шараларға 22,9 млн текше метр су жіберді.

БҚО бойынша «Қазсушар» филиалы 13 гидротехникалық құрылысты жөндеп, Киров су қоймасын реконструкциялау жұмысын жүргізді. Сондай – ақ, Шаған өзені, Көшім магистральдық арнасы мен 67,6 шақырым каналды механикалық әдіспен тазалады, - деді БҚО бойынша «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Өзгелердің жаңалығы