БҚО-да 11 жастағы баладан қызылша ауруының ең қауіпті түрі анықталды
Дәрігерлер мұндай дертке душар болған адамның өліп кетуі де мүмкін дейді.
Оралда қызылша жұқтырған 11 жастағы баладан панэнцефалит анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауру асқынса, науқас пневмонияға шалдығып, миы қабынуы да ықтимал. Бүгінде өңірде қызылша дертін жұқтырғандар 33 есе көбейіп, 169 бала ауырып жатыр. Мамандардың айтуынша, олардың бәрі екпе алмаған. Енді індетті тоқтату үшін оларды қайтадан егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сырқаттардың басым көбі - қаладан, 14 жасқа толмаған балалар.
Тоғыз айлық кезінде ауырған. Ауырғаннан кейін оның денесі қалды ғой ішінде. Ол он жылдан кейін кері әсерін беріп тұр асқынып. Яғни, мидың қабыршақтарында қалып қойды. Баланың иммунитеті түскеннен кейін ол әрі қарай асқынады. Жүйке жүйесі зақымданып, бала қиын дертке шалдығады. Сал болып, қол-аяғы істемей қалуы мүмкін. Жаңағы ойлау қабілеті бұзылады, сөйлеуі, – дейді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.