БҚО балабақшаларында ваучерлік қаржыландыру енгізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Әзірге жоба пилоттық режимде сынақтан өтуде. Тиімді болса, ваучерлік қаржыландыру мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларда да жүзеге асырылады, деп хабарлады «Мой город».
БҚО-да 523 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның 414-і мемлекеттік, 109-ы жекеменшік. Оларға 32 мың бала келеді. БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиеваның айтуынша, соңғы үш жылда облыста 58 балабақша есігін айқара ашса, оның 47-сі жекеменшік. Биыл олар 1889 орындық тағы 12 мектепке дейінгі ұйым ашуды жоспарлап отыр.
Ал, облыстағы балабақшаларда қаржыландырудың жаңа механизмі жүзеге асырылуда.
Жолдама – мемлекеттің баланың оқуына бөлетін ақша сомасы, яғни қаржыландыру әдісі. Егер бұрын мемлекеттік тапсырыс қаражаты тікелей әкімдіктен балабақшаға түсетін болса, жолдамамен қаражат әкімдіктен ата-анаға түседі. Ал ата-ана қызмет алушы ретінде балабақша қызметін өзі төлейтін болады. Пилоттық жобадағы ваучерлік қаржыландыру Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады, ал сәтті жүзеге асырылғаннан кейін ол барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады, - деп түсіндірді Светлана Темірғалиева.