БҚО: Алдағы екі жылда өңірде 54 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Батыс Қазақстанда алдағы екі жылда 54 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 870 жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешені саласына 50,6 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6,4%-ға артып, 281 млрд теңгеге жетті. 2025–2027 жылдары ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 68,1 млрд теңгені құрайтын 54 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 870 жұмыс орынын құру жоспарланған, – деп атап өтті өңір басшысы.

Сондай-ақ әкім биылдың өзінде жалпы құны 15,4 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылып жатқанына тоқталды.

Атап айтқанда, 1,5 мың га суармалы жерлерді айналымға енгізу бойынша 5 жоба, 4,8 мың тонналық 2 тауарлы сүт фермасы және 3000 басқа арналған бордақылау алаңы. 2027 жылға дейін 29 мың басқа арналған 11 бордақылау алаңдарын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаларды жүзеге асыру арқылы өңіріміздегі бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығын 75 мың басқа жеткізетін боламыз, – деді Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімінің мәліметінше, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда соңғы 3 жылда республикалық бюджеттен арнайы бағдарлама (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі) аясында қаражат бөлінген. Оның көлемі 21 млрд теңгені құрап, 12 жоба қаржыландырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: dlabusinessconsulting.com
Өзгелердің жаңалығы