Бозымбаев Алтын Орда базарына кіру неліктен қиындап кеткенін түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев журналист Арманжан Байтасовпен сұхбаттасу барысында Алтын Орда базары алдағы уақытта қалай өзгеретіні туралы айтты.
Оның айтуынша, Алматыдағы Алтын Орда базары үш компанияға тиесілі, яғни екі ЖШС пен бір ЖК-ке. Дегенмен бұлардың артында Болат Назарбаевтың әулеті тұр, ұлы мен басқа да туыстары.
Осыдан екі ай бұрын президент бұл базарды жөнге келтіру бойынша тапсырма берген. Өкінішке қарай біз онда кіре алмадық, өйткені онда басшылық етіп, жұмыс істеп жатқан мекеменің барлығы шағын жән орта бизнес өкілдері етіп көрсетілген. Қазір ШОБ-ты тексеруге мораторий жарияланған. Сондықтан жұмыс белгілі дәрежеде тежелді. Кейін бұл базар ШОБ-қа тиесілі емес екенін дәлелдеп, жекелей кәсіпкерлер басшылық ететінін көрсеттік. Оның үстіне жаңадан тағайындалған бас прокурор Берік Асылов құжаттармен танысқан соң барлық бақылау органдарына тексеріс жүргізуді тапсырды. Оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс, сәулет, жер, эколог және басқа да тексеру органдары базарда тексеріс жүргізуге рұқсат алды,-деді облыс әкімі.
Сонымен қатар ол тексерсі барысында көптеген ереже бұзушылық орын алғанын айтты. Оның ішінде санитарлық нормадан басап, құрылыс ережелері, ТЖД нормасы, тіптен миграциялық заңнамаға дейін бұзылған.
Бозымбаев Алтын Орда базары келешекте өзінің сақтау қоймасы бар ірі логистикалық ХАБ-қа айналатынын айтты.
Бұл жерде тазалық сақталу керек және ашық сауда болу қажет. Егер базар басшылығы алдағы уақытта оны жасай алмаса немесе басқа бағытта жұмыс істейтін болса онда бұл ХАБ-ты Іле ауданында жасаймыз. Ол жақта сондай жобамен айналысқысы келетіндер бар. Ол үшін жер бөліп, жарты жылда жасап шығамыз,-деді Қ.Бозымбаев.