"Бозоқ аруының көрікті шашбауы" этнографиялық фестивалі өтті
Елордада Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағында «Бозоқ аруының көрікті шашбауы» республикалық этнографиялық фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Республикалық этнографиялық фестиваль аясында ежелгі ғұрыптардың бірі – «Шолпы тағу» көрсетілді. Іс-шараға Аталған іс-шараға Парламент депутаттары, жетекші отандық ғалымдар, археологтар мен этнологтар, композиторлар мен суретшілер одағының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, елорданың мектептері мен колледждерінің тарих мұғалімдері мен білім алушылары, мәдениет қызметкерлері қатысты.
Шолпы мен шашбау ұлттық әшекейлер ғана емес, сонымен қатар қыздардың есейгенінің нышаны. Қазақ әшекейлері-ұлттық мәдениеттің бір бөлігі.
Бозоқ археологиялық орнының оңтүстік бөлігінде жауынгер әйелдің жерленген жері табылды. Әйел әдемі жібек мата киген, құлағында сырға, мойнында моншақтар бар, бас киім екі жағынан інжу моншақтармен безендірілген. Онда күміс білезіктер мен зергерлік бұйымдар болды. Әйел толығымен қаруланған.
Көптеген ақындар мен жыршылар өз өлеңдерінде қыздардың сұлулығын және осы әшекейлердің сыңғырлаған үнін мақтады, шабыттанған композиторлар олар туралы музыка жазды, ал жазушылар өз шығармаларында шашына шолпы тоқылған қыздар бейнесінің сүйкімділігін көрсетті, - деді журналист, аудармашы Шарбану Бейсенова.