Бойжеткен Үкімет үйі жанындағы клуб шатырында жартылай жалаңаш биледі
Астанада бойжеткен қала орталығындағы түнгі клубтың шатырында ашық-шашық киіммен би биледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға Үкімет үйінің дәл жанында болған.
Бейнежазба әлеуметтік желіде таралып, қоғамда қызу пікірталас тудырды. Көпшілік мұндай әрекеттің елорданың имиджіне нұқсан келтіретінін айтып, жауаптылардан қатаң шара қолдануды талап етті.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тиісті шаралар қабылданған.
“Тыныштықты бұзғаны үшін мекеме әкімшілігіне 25 АЕК (98 300 теңге) көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұйғарым мекеме атына жолданды. Ал биші қыздың жауапкершілігі заңнама талаптарына сәйкес қаралады”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Астанада ер адам сүйіктісін өлтіріп, оның інісін пышақтағанын жазған болатынбыз.