Бөтеннің мүлкін бүлдірді: Астанада тағы екі вандал жазаланды
Елордада вандализмнің кез келген жағдайымен белсенді күрес жүріп жатыр. Өз кезегінде полиция қылмыскерлерді тауып, оларды жауапқа тартады. Бірер күн бұрын тағы екі вандал жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордада вандализмнің кез келген жағдайымен белсенді күрес жүріп жатыр. Өз кезегінде полиция қылмыскерлерді тауып, оларды жауапқа тартады. Бірер күн бұрын тағы екі вандал жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, елорда тұрғындарының бірі мас күйінде Петров көшесіндегі кеңсе үй-жайында біреудің компьютерін сындырып кеткен. Бұл факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша хаттама жасалды, сот құқық бұзушыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.
Сонымен қатар, тағы бір ер адам Шевченко көшесі, №10/4 үйдің бесінші қабатының балконында тұрып, дәрет сындырған. Осы үшін ол бес тәулікке қамауға алынды.
2023 жылдың басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің 100-ден астам фактісін анықтады. Қала бойынша күнделікті екі мыңнан астам полиция қызметкері патрульдейді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы іске асып жатыр.
Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
- Үкімет бағаны тұрақтандырудың қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды 21:18
- Степногорскіде прокуратура дәрігердің қызметтік пәтерді жекешелендіру құқығын қорғады 20:45
- «Мұсылман елдерінің НАТО-сы» құрылып жатыр. Түркия, Сауд Арабиясы мен Пәкістанның жаңа әскери одағы нені өзгертеді? 20:44
- «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы Атырауда еңбек ұжымдарымен кездесті 20:30
- Абай облысында Аустралия университетінің филиалы ашылуы мүмкін 20:06
- Ауылға қаржы, жастарға мүмкіндік: «Ауыл» партиясы Павлодарда қандай ұсыныстар айтты 20:00
- GPS, іздер және фототұзақтар: «Іле-Балқаш» резерватында Үміт есімді жолбарыс қалай бақылануда? 19:45