Ботаникалық бақта дәрет сындырмақ болған шетелдік 15 тәулікке қамалды
Полиция қоғамдық орындардың тұрғындардың тынығуына арналғанын еске салып, қоғамдық тәртіп пен мораль нормаларын бұзатын кез келген әрекет заң аясында жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Астанадағы Ботаникалық бақта қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған шетел азаматы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәліметке сәйкес, 38 жастағы шетелдік Ботаникалық бақ аумағындағы көгалдың үстінде көпшілік алдында дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырған.
Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция қоғамдық орындардың тұрғындардың тынығуына арналғанын еске салып, қоғамдық тәртіп пен мораль нормаларын бұзатын кез келген әрекет заң аясында жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың әрбір дерегі бойынша уақтылы шара қолданылып, жазаның бұлтартпастығы қамтамасыз етілетіні айтылды.
- АҚШ-та бензин бағасы рекордтық деңгейге жетті 16:29
- Қазақстандықтарға бүгіннен бастап зейнетақы жинағын басқаруға жаңа мүмкіндік берілді 16:11
- «Әдебиеттегі мұңды халықтың трагедиясына айналдырмау керек» – Мереке Құлкенов 15:47
- Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды 15:35
- Алты тауар арзандады: Өткен аптада азық-түлік бағасы қалай өзгерді? 15:17
- Астана-Қарағанды тасжолындағы сұмдық сәтті камера түсіріп алды: Жолаушы қаза тапты 15:06
- Қазақстанда қысқа қажетті жемшөптің 80%-ы дайындалды 14:54