Ботаникалық бақта «Астана – үлкен ортақ үй» іс-шарасы өтеді

21 тамыз күні елордадағы Ботаникалық бақта «Астана – үлкен ортақ үй» атты құс ұяларын жасау іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтыyна сілтеме жасап.

 Қазақстандық белгілі хоккейші, «Барыс» командасының шабуылшысы Роман Старченко осы іс-шараның арнайы қонағы болады.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл іс-шара қала тұрғындарын игі іске біріктіріп, Астананы адамдар үшін ғана емес, қанатты құстар үшін де жайлы мекен етудің жарқын үлгісі болмақ.

Қаламызды мекен ететін құстар үшін жаңа құс ұяларын жасау жобасына қатыса отырып, сіз елорданың экологиясын жақсартуға өз үлесіңізді қосып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық қабілетіңізді шыңдауға да мүмкіндік аласыз, - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Іс-шара барысында хоккей жұлдызымен қолтаңба-сессиясы да ұйымдастырылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы