Бот патшасы. Оралов желі қолданушыларының сынына жауап берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзіне айтылып жатқан сынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет кулуарында журналис Асхат Ораловқа «сізді желі қолданушылары боттар мен фейктердің патшасы дейді. Бұл ақпарат қайдан шыққан?» деп сұрады.

Мен ешқашан боттармен жұмыс істеген емеспін. Біз әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланамыз. Instagram мен Facebook-ты өзім жүргіземін. Әрқашан мүмкіндігінше ашықпын. Алдыңғы жұмысымда да ашық болдым, қазір де журналистермен ашық жұмыс істейтін боламын, – деді жаңа министр.

Сондай-ақ ол боттармен жұмыс істемейтінін нақтылап өтті.

Сұрақ қоятын сәттер болады. Қолдайтындар бар, өзекті мәселелерді көтеретіндер бар. Мен тағы да айтамын, біз боттармен жұмыс істемейміз, – деді министр.

Еске сала кетейік, Асхат Оралов Мемлекет басшысының жарлығымен 2023 жылдың 4 қаңтарында Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы