Бостондағы ақпан конференциясынан соң әлемде 300 мыңға жуық COVID оқиғасы тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 26-27 ақпан күндері АҚШ-тың Бостон қаласында өткен Халықаралық бизнес-конференциядан кейін бүкіл әлемде 205 мыңнан 300 мыңға дейін адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Іс-шараға Сovid-19 вирусы бар жүзге жуық адам қатысты, деп жазды The Hill Массачусетс жалпы ауруханасының жұқпалы аурулар жөніндегі маманы Джейкоб Лемье бастаған зерттеуге сілтеме жасап.
Мамандар бұл шараға бойында коронавирус инфекциясы бар 100-ге жуық адам қатысқанын анықтады. Содан кейін қатысушылар бүкіл планетаға таралып, инфекцияны өршіткен.
Алынған мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың 29 штатындағы коронавирустық инфекциясын жұқтырғандардың шамамен 1,6%-ы Бостон конференциясымен байланысты. Сонымен бірге бір ғана Флорида штатында аталмыш бизнес-шараға қатысы бар 71 450 адамнан COVID-19 анықталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы