31 Наурыз 2025 2025, 03:50
Фото: baq.kz
Босния мен Герцеговинадағы су тасқыны: 300-ден астам үйді су басты
Толассыз жауған жаңбыр Босния мен Герцеговинаның батысында су тасқынына әкелді деп хабарлайды BAQ.KZ.
Толассыз жауған жаңбыр Босния мен Герцеговинаның батысында су тасқынына әкелді деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ең көп зардап шеккен Приедор қаласы. Ол жерде төтенше жағдай жарияланды. Сана өзені арнасынан асып, 300-ден астам үй су астында қалды. Ауыл шаруашылығы жерлері бүлініп, мектептер жабылды.
Жергілікті билік зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді жұмылдыруда. Ел билігі су тасқынын соңғы 11 жылдағы ең алапат апат деп таныды.