Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 80-нен астам жұмыс беруші 1 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

22 мамырда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін халықты жұмыспен қамту орталығы «Жастар» сарайында жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. 

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өз алаңында елорданың 80-нен астам жұмыс берушісінің басын қосады. Олар 1 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынбақ. 

Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен алдын ала әңгімелесуден өтіп, түйіндемесін қалдыра алады. Оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасынан өту, сондай-ақ халықтың нысаналы топтарының тұлғаларына әлеуметтік жұмыс орындары мәселесі бойынша ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылады. 

Сонымен қатар, ниет білдірушілер жұмыспен қамту орталығының мамандарынан қажетті мамандықтар бойынша қысқамерзімді кәсіптік оқудан өту мәселелері бойынша кеңес ала алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы